🔖🙋🏻♂Құрметті оқырмандарым, назарларыңызды осы тақырыпқа аударғым келеді, шетелдіктердің жиі қоятын сұрақтарының бірі: «Түркияда тұруға рұқсат алудың қандай нұсқалары бар?» (яғни мекендеу қағазына алу)
Түркияға кем дегенде бір рет келіп кеткен туристтер ойында бірнеше ай немесе жылдар бойы осында қалғысы келіп жататыны ешкімге жаңалық емес.
Заңнама юрисдикциясы бойынша резиденттің еліне байланысты 2023 жылы шетелдіктерге 30-дан 90 күнге дейін Түркие шекарасынан шықпай заңды қала беру құқығын береді.
📌 Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Литва, Эстония, Украина және Молдова азаматтары 180 күн аралығында 90 күн бола алады.
📌 Сонымен, Ресей азаматтарына 60 күн қатарынан немесе 90 күн (жалпы алғанда 6 ай ішінде) визасыз демалуға рұқсат етіледі
Заңдық негіздер бойынша рұқсат етілген мерзімінің аяқталуына дейінгі күндерді санамау үшін көптеген азаматтар Түркияда мекендеу қағазын алуға ұмтылады, оны кейінірек ұзарту мүмкіндігімен қатар шексіздікке дейін ұзарта беру мүмкіндіктері де қарастырылады.
🔏 Түркиеде мекендеу қағазының қандай түрлері болатынын қарастырайық па?
1. Қысқа мерзімді мекендеу қағазы;
📍Қысқа мерзімді мекендеу қағазы әдетте 2 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
⏺ Келесі негіздер бойынша алуға болады;
📌 Туристік мақсатта (кепіл адам негізінде немесе пәтер жалдау арқылы);
📌 Жылжымайтын мүлікке меншік құқығына ие болу арқылы;
📌 Емделу мақсатымен;
📌 Түрік тілін үйрену мақсаты арқылы;
📌 Коммерциялық байланыс арқылы;
📌 Азаматтық алу және инвестициялау жолдарына сәйкестік жағдайына ие болғандарға және т.б.;
📌 Отбасылық мекендеу қағазына ережесіне сәйкес келмейтін, отбасын біріктіру мақсаты арқылы;
2. Отбасылық мекендеу қағазы рұқсаты;
📌 Түрік азаматы, мекендеу қағазы бар шетел азаматы, шетел азаматы, қоныс аударуға мәжбүр болған шетел азаматы, босқын (қаншқын) мәртебесі бар шетел азаматы мекендеу қағазы рұқсатын алу мақсатында келесі үшінші адамдар үшін өтініш бере алады:
✔ Жұбайы үшін
✔Кәмелетке толмаған балалары үшін
✔ Жұбайының асырауындағы балалары, сондай-ақ кәмелетке толған асырауындағы балалар
3. Студенттік мекендеу қағазы рұқсаты;
4. Ұзақ мерзімді мекендеу қағазы рұқсаты;
✔ Түркияда кемінде 8 жыл үзіліссіз тұру керек.
5. Гуманитарлық мекендеу қағазы рұқсаты;
📌 Ерекше жағдайларда, Түркиядан кету мүмкін емес және ақылға қонымсыз деп саналса,елде қалуға рұқсат 1 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
6. Адам саудасының құрбаны болған адамдарға берілетін мекендеу қағазы рұқсаты.
Келесі постта кепіл адам ретінде кім шыға алатының білгілеріңіз келсе комментарийге + қалдырып кетіңіздер)